Павлодар облысында кәріз құдығына түскен 4 адам ауруханаға жеткізілді

Дәурен Ерболат

Жағдайы ауыр науқастар тікұшақпен қалаға жеткізілді

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында кәріз құдығына түскен 4 адам белгісіз газдан ауланды, деп хабарлайды облыстық жедел жәрдем станциясы.

Биыл 5 қыркүйекте кешкі сағат 17:48-де Шарбақты ауылында кәріз құдығына түскен 4 жұмысшы белгісіз газдан уланған. 68, 49, 42, 32 жастағы ер адамдар Шарбақты ауданының ауруханасына жеткізілді. 

68 және 42 жастағы жұмысшысының жағдайы ауыр болған. Сондықтан оларды медициналық авиацияның бригадасымен Павлодарға жеткізу туралы шешім қабылданды. Олар №3 қалалық ауруханасының токсикологиялық бөлімшесіне жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.