Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменов Қазақстанның Швециядағы елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
- Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан ның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
- Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
- Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Айта кетейік, Олжас Сүлейменов 1980 жылы 2 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол – I сыныпты кеңесші, ағылшын және испан тілдерін меңгерген.
- 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін үздік бітірді. 2011 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Nottingham университетінде магистр дәрежесін алды;
- Дипломатиялық мансабын 2002 жылы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы қызметінен бастаған.
- 2003-2004 жылдары ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің атташесі;
- 2004-2005 жылдар аралығында Сыртқы істер министрі кеңсесінің атташесі, кейін үшінші хатшысы болды;
- 2008-2011 жылдары Сенат аппараты басшысының көмекшісі қызметін атқарды;
- 2011-2012 жылдары – Сенат Аппараты Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты;
- 2012-2013 жылдары Президенті әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының консультанты қызметін атқарды;
- 2013-2015 жылдары Премьер-министр кеңсесі Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2015 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстанның Испаниядағы елшілігінде кеңесші және кеңесші-уәкілі болды;
- 2020-2022 жылдары СІМ Америка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды;
- Қазақстанның Швециядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы наурыздан бастап СІМ Еуропа департаментінің директоры болды.