Олардың кінәсі дәлелденсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы әкімдігі жалған ақпарат таратқан күдіктілерді анықтау үшін полицияға жүгінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлеуметтік желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінді.
Заңға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бұған дейін Антикор Іле ауданы әкімінің ұсталғанын растаған еді.