Өтініштерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады
Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиада басталады, деп хабарлайды Halyq Uni.
4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды. Өтініштерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада төрт кезеңнен тұрады:
Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.
Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер auyl.daryn.kz сайтында тіркелуі қажет.
Еске сала кетсек, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша ауыл оқушыларының жүлделі орындарға ие болу көрсеткіші 8 есе артты.
Анықтама үшін, олимпиада барысында ауыл мектептерінің оқушыларына толық қолдау көрсетіліп, олар алдағы зияткерлік жарыстарға дайындалу үшін республикалық «Дарын» мектебіне сырттай қабылданады.