Компания хром кенін өңдеу кезінде заңбұзушылыққа жол берген
Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратураның мәліметінше, «Восход Хром» ЖШС Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заңбұзушылыққа жол берген.
Кәсіпорын 2022 жылдың ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған. Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, атап айтқанда атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және тағы басқа), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары болып шықты, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті іске асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.