Өтініш берушілерге 53,5 млрд теңге өтемақы берілді
Су тасқынынан зардап шеккен 7 393 отбасына жаңа баспана берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендердің тұрғын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінге 7 393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Оның ішінде 5 313 нысан сатып алынды, 2 080 үй салынды.
Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы көлемі 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді.
Сонымен қатар 34 247 отбасыға 12 627,7 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді.
Бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін 9 994 млн теңгеге 21 880 отбасыға 150 АЕК-ке дейінгі көлемде қосымша төлем берілді.