×

Елімізде сұйытылған газ, электр қуаты мен көмір бағасы көтерілетін болды

Энергетика министрлігі сәйкесінше бұйрық жобасын әзірледі

 Динара Амантай 10.06.2022 | 14:11
Фото: Halyq Uni

Шілдеден бастап елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» бұйрық жобасын дайындады.

Ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шекті бағасы 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылдың 30 маусымын қоса алған кезеңге 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерiнде бекітілсін. Бұл – тауар биржаларынан тыс өткізілетін және құн салығын есепке алмағандағы газдың шекті бағасы, - делінген бұйрықта

Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері – 28 000 теңге. Сонымен қатар Энергетика министрлігі электр энергиясы мен көмір құнының да өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім берді. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Богатырь-Көмір разрезіндегі көмір бағасы 30%-ға өсуі мүмін.

Бұйрық жобасы 24 маусымға дейін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Еске сала кетсек, 6 қаңтарда Үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мораторий жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама