Halyq Uni логотип
×

Ұлы дала жорығы: үшінші күннің қорытындысы шықты

Бұл жолы да Қырғызстан командасы алдына қара салмады

 Халық үні 05.09.2024 | 23:00
Ұлы дала жорығы: үшінші күннің қорытындысы шықты
фото: Halyq Uni

5 қыркүйекте Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 16 команда Ақмола облысы Атбасар елді мекенінің маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Жалтыр ауылында аяқтады.

Айта кетсек, жалпы жол қашықтығы – 500 шақырым және бағыт Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 300 шақырымын бағындырды. Ертең үшінші кезеңді бастайды. Жалтыр ауылы маңынан басталатын жорық Тоғанас ауылының маңына барып тоқтайды.

Үшінші кезең (100 шақырым) қорытындысы бойынша, Қырғызстан командасы жеңімпаз атанды.

Қазақстандық Ақтөбе облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

300 шақырым қорытындысы:

КОМАНДА

ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ

1.

Қырғыз Республикасы.

15:53:25

 

2.

Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы.

16:19:14

 

3.

Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы.

16:27:29

 

4.

Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы

16:51:47

 

5.

Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы.

16:58:47

 

6.

Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы.

17:03:45

 

7.

Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы.

17:11:37

 

8.

Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы.

17:38:33

 

9.

Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы.

17:40:07

 

10.

Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы.

18:14:35

 

11.

Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы.

18:32:32

 

12.

Мажарстан

20:10:00

 

13.

Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы.

22:49:40

 

14.

Оңтүстік Африка Республикасы.

25:28:34

 

15.

Иран Ислам Республикасы

27:49:28

 

16.

Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы.

Жарыстан шығып қалды

 

17.

Түркия Республикасы

Жарыстан шығып қалды

 

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жоба ұйымдастырушысы: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясы.

Қолдау көрсетушілер: AMANAT партиясы, Туризм және спорт министрлігі, Sport Qory, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдігі.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан», «Астана» телеарналары, NurMedia және Halyq Uni Media ресурстары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Еске сала кетсек, бірінші күннің қорытындысында да қырғыз елінің жылқылары қара үзіп келген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама