Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында білім бөлімінің қызметкерлері сотталды

Келтірілген шығын ішінара өтелді

 Динара Амантай 05.09.2024 | 15:55
Қызылорда облысында білім бөлімінің қызметкерлері сотталды
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сот талқылауы барысында білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін адамдардың есепшотына заңсыз ақша аударылғаны дәлелденді. Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды.

Келтірілген шығын ішінара өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін адамдардың есепшоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын. Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама