Президент Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

Дәурен Ерболат

Спортшы жеңіске жету үшін бар күшін салды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін XVII жазғы Паралимпия ойындарында спортшы Давид Дегтярев жеңімпаз атанғаны хабарланған еді.