×

Давид Дегтярев – XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы!

Ол екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанып отыр

 Халық үні 04.09.2024 | 22:50
фото: m.sports.ru

XVII жазғы Паралимпияда ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni.

Жерлесіміз 188 келі салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. 

Күміс медальді 185 келі көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 келі нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.

Айта кетсек, Давид Дегтярев бұл жолы өзінің екінші Паралимпиада алтынын жеңіп алып отыр. Ол алғаш рет 2020 жылы Токиода өткен ойындарда жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін қазақстандық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама