Германия Украинаға тағы 17 зениттік-зымыран кешенін жеткізуді уәде етті
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, АҚШ пен НАТО қақтығысқа тікелей қатысып отыр
Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға тағы 17 IRIS-T зениттік-зымыран кешенін жеткізуге уәде берді, деп хабарлады Halyq Uni РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Украина үшін 8 IRIS-T SLM жүйесі мен 9 IRIS-T SLS жүйесіне тапсырыс берілді. Бұл туралы Шольц Шлезвиг-Гольштейнде Тодендорфтағы Бундесвер базасында айтты, - делінген ресми хабарламада.
Украинаға әр типтегі екі жүйе 2024 жылы, қалғандары 2025 жылдан бастап жеткізілетіні айтылған. Ал Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қақтығысқа тікелей қатысып отыр. Оның ішінде тек қару-жарақ жеткізу ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындап жатыр.