×

Қазақстан мен Франция денсаулық сақтау саласында байланысты нығайтуға ниетті

Қос тарап бірлескен жобаларды іске асырмақ

 Дәурен Ерболат 04.09.2024 | 18:08
Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы Францияның төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ДСМ мәліметінше, тараптар денсаулық сақтаудағы екі жақты ынтымақтастықтың негізгі аспектісін талқылап, жаңа жобаларды іске асыруға келісті.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Франция Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Біз саладағы екі жақты қарым-қатынасымызды ұзақмерзімді негізде дамытуға мүдделіміз. Сондықтан бүгінгі кездесу бірлескен жобаларды іске асыруға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, – деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы БМСК коалициясын құру туралы меморандум мен 2026 жылға дейін денсаулық сақтауда қазақстан-француз ынтымақтастығын жандандыру бойынша жол картасына қол қоюды қолдауды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама