×

Полицейге 10 мың теңге бермек болған астаналық қомақты айыппұл арқалады

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді

 Динара Амантай 04.09.2024 | 17:28

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында полицейге пара бермек болған жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс құжаттарына сәйкес, ер адам қалада автокөлікті мемлекеттік нөмірсіз басқарған. Осы уақытта жол полициясының қызметкерлері оны байқап, тоқтатқан. Содан кейін әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында полицейге 10 мың теңге көлемінде пара бермек болған. Алайда, тәртіп сақшысы пара алудан бас тартқан.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот үкімімен И. лауазымды тұлғаға пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған ҚК-нің 55, 56-баптарына сәйкес 11,25 еселенген пара сомасы (112 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

10 мың теңге мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама