Президент үкімет құрамы туралы жарлыққа қол қойды
ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ
Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Ералы Тоғжанов – Премьер-министрдің орынбасары;
Мұхтар Тілеуберді – Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Бақыт Сұлтанов – Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министр кеңсесінің басшысы;
Мұрат Бектанов – Қорғаныс министрі;
Ерлан Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі;
Асқар Омаров – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Қарашөкеев – Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Мусин – Әділет министрі;
Асхат Аймағамбетов – Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
Серік Шәпкенов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Жамаубаев – Қаржы министрі;
Дәурен Абаев – Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Викторович Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Брекешев – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Ақшолақов – Энергетика министрі.
Бұған дейін жаңа Премьер-министр тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз. Үкіметті Әлихан Смайылов басқаратын болды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ
1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылы Президент жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993-1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999-2003 жж. — Статистика агенттігінің төрағасы.
2003-2006 жж. — Сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
2006-2009 жж. — Қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті.
2009-2014 жж. — Статистика агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жж. — Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитет төрағасы.
2015-2018 жж. — Президент көмекшісі.
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.
2019 жылғы 25 ақпанда Президент жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.
2021 жылғы 18 қаңтарда Президент жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.