Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын омбудсмен пайда болады

Ол 4 жыл мерзімге сайланады

 Динара Амантай 04.09.2024 | 13:33
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын омбудсмен пайда болады
Фото: Halyq Uni

Мәжіліс «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның жаңа жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі. Ол тұтынушыларға консультациялық көмек көрсетуге, олардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін сотқа талап қоюға, сондай-ақ өзге де функцияларды орындауға құқылы болады. Оны қызметке тағайындау және қызметтен босату Сауда және интеграция министрлігі басшысының құзырында болады. Омбудсмен 4 жыл мерзімге сайланады және өз қызметін ерікті негізде (ақысыз) іске асырады.

Сонымен қатар тұтынушылардың құқығы мен заңды мүддесін бұзатын және шектейтін жағдайларды шарттарға енгізуге жол бермеу жоспарланып отыр. Олардың саны оннан асады. Олай болмаған жағдайда шарттар жарамсыз деп танылады, ал мәміленің жарамсыздығы сот арқылы белгіленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама