Halyq Uni логотип
×

«ҚазАвтоЖол» экс-төрағасына қатысты тергеу аяқталды

Қылмыстық іс сотқа жолданды

 Динара Амантай 04.09.2024 | 11:52
«ҚазАвтоЖол» экс-төрағасына қатысты тергеу аяқталды
Фото: Halyq Uni

Бюджет қаражатын жымқырған «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратура Есіл өзені арқылы көпір салуға және «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеуді аяқтады.

Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге негізсіз басымдық беріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс берген әрі бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасқан.

Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама