Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар АЭС құрылысы туралы ақпаратқа онлайн қол жеткізе алады

eGov mobile қосымшасында жаңа бөлім құрылды

 Динара Амантай 04.09.2024 | 11:21
Қазақстандықтар АЭС құрылысы туралы ақпаратқа онлайн қол жеткізе алады
Фото: Halyq Uni

Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, атом энергетикасы және атом электр станциясының құрылысы мәселелерін тереңірек түсінгісі келетін азаматтар үшін Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін жаңа бөлім құрылған.

2 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады. Осыған байланысты әрбір адам саналы таңдау жасай алуы үшін атом энергетикасының маңызды аспектілері туралы азаматтарды оқытуды күшейту туралы шешім қабылданды, – делінген министрлік хабарламасында.

Электронды үкіметтің Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама