Ол қамауға алынып, тергеліп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Агенттік мәліметінше, күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынып, оларға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Іле ауданы әкімі Бағдат Қарасаев 1964 жылы 12 маусымда дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын теміржол инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын кәсіптік техникалық училищеде мұғалім болып бастап, директорға дейін көтерілген.
«Алаколь-Агро» ЖШС, «ТSС-Агро» ЖШС, «Тау-Самал Ltd.» компаниясы» ЖШС және «Қайыңды» ЖШС директоры, Алакөл ауданының әкімінің орынбасары, Алакөл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2011 жылдың мамырынан бастап – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;
2015 жылдан қарашасынан бастап – Талдықорған қаласының әкімі;
2018 жылдың мамырынан бастап – Алматы облысы әкімінің кеңесшісі;
2018 жылдың қыркүйегінен бастап – Алматы облысы Іле ауданының әкімі қызметін атқарып келді.