×

Тұрсынбек Қабатов Орынборда байлар жиналған тойды жүргізді

Қазақстаннан барған қонақтардан Forbes тізіміне кірген елдегі ықпалды байлардың бірі – Жұмабек Жанықұлов бар

 Халық үні 04.09.2024 | 07:48
фото: domgadalki.ru

Қазір әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш астанасы болған, қазір Ресей Федерациясының аумағындағы Орынбор қаласында өткен тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл тойды белгілі әзілкеш, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов жүргізген. Ол екі тілде аралас сөйлеп, қонақтардың көңілін табуға табысқан.

Ал жайдарман арқылы танылған Қабдол Тілеков келіннің бетін ашқан. Сондай-ақ Қазақстаннан барған қонақтардан Forbes тізіміне кірген елдегі ықпалды байлардың бірі – Жұмабек Жанықұлов бар.

Той қазақтікі болса, неге орысша жүргізеді?», «Осы айлакер ақша табу үшін Ресейге шығып кеткен», «Орынбор – қазағымның жері», «Қонақтардың көбі – орыстілді», «Тойға қанша алады екен?», «Мына сайқымазақтар беташардың да сәнін кетірді», «Таза сайқымазақ» дегендей пікірлер легінде қисап жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама