«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші күні қорытындыланды

Халық үні

Бірінші кезең жеңімпазы – Қырғызстан командасы

фото: Halyq Uni

3 қыркүйекте Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 17 команда Солтүстік Қазақстан облысының Ботай қонысынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Лесное елді мекенінде аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жалпы жол қашықтығы 500 шақырымды қамтиды және бағыты – Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласы. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 100 шақырымын бағындырды. Ертең олар екінші кезеңді бастайды. Лесное ауылынан басталатын жорық Атбасар елді мекеніне барып тоқтайды.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Қырғызстан командасы жеңімпаз атанды. Қазақстандық Жамбыл облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

КОМАНДА

ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ

1.

Қырғыз Республикасы.

05:12:23

 

2.

Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы.

05:24:19

 

3.

Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы.

05:25:18

 

4.

Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы.

05:30:46

 

5.

Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы.

 

05:40:10

 

6.

Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы.

05:44:13

 

7.

Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы.

05:49:35

 

8.

Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы.

05:50:21

 

9.

Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы.

05:55:17

 

10.

Мажарстан.

06:02:18

 

11.

Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы.

06:10:51

 

12.

Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы.

06:19:50

 

13.

Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы.

07:05:58

 

14.

Түркия Республикасы.

07:39:04

 

15.

Иран Ислам Республикасы.

08:00:46

 

16.

Оңтүстік Африка Республикасы.

08:04:33

 

17.

Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы.

08:43:22

 

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жоба ұйымдастырушысы: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясы.

Қолдау көрсетушілер: AMANAT партиясы, Туризм және спорт министрлігі, Sport Qory, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдігі.

Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан», «Астана» телеарналары, «NurMedia» және «Halyq Uni Media» ресурстары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын дала лабораториясы.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: Facebook – JORYQ, Instagram – joryqofficial, TikTok – JORYQ, YouTube – JORYQ.

БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері: +7 778 854 54 05 нөмірі бойынша Сәкен Сейітханұлына хабарласуға болады.