×

«Доңғалағы бар үй»: «Astana» велокомандасының автобусында дәретханаға дейін орналасқан (ВИДЕО)

Фиништен кейін қайтадан автобусқа келіп, душқа түседі, тамақ ішеді

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2022 | 12:11

«Astana» велокомандасы спортшыларға арналған автобусты көрсетті. Өздері оны «Титаник» деп атайды екен.

Автобуста барлық жағдай жасалған. Бүйірінде бірнеше кір жуатын машина және киім кептіретін аппарат, үстіне күннің көзінен қорғайтын тент орнатылған. Оны да пультпен іске қосады. Ал салонның ішінде тоңазытқыш, микротолқынды пеш, кофемашина, тамақ пісіретін плита, душ пен дәретхана бар. Спортшылар ыңғайлы креслода жатып, демала алады.

Велокоманда баспасөз қызметінің мәліметінше, MAN маркалы автобус 2009 жылы сатып алынған.

Бұл кәдімгідей доңғалағы бар үй ғой. Спортшылар онымен стартқа шыққанға дейін жүреді. Сосын фиништен кейін демалады. Мәселен, старттың алдында барлық велошабандоз автобуста киім ауыстырады. Сол жерде жарыстың мақсаты мен тактикасы талқыланады. Ал фиништен кейін қайтадан автобусқа келіп, душқа түседі, тамақ ішеді, күш жинайды. Одан кейін қонақ үйге барып, жақсылап тұрып демалады, - дейді команданың баспасөз хатшысы Дина Ибраева.

Автобуста жанар-жағармайға арналған екі бак бар. Екеуін толтырып, 1000-1200 шақырым жүруге болады. Ал кофе, су, спорттық тамақ, зәйтүн майы, макарон және тағы басқа азық-түлікті демеушілер тегін жеткізіп отырады екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама