×

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар қатынайды

Іс-шаралар өтетін жерге жеке көлікпен кіруге тыйым салынады

 Динара Амантай 03.09.2024 | 17:17
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтардың ыңғайлылығы үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жарыс кезінде таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:

  1. «Астана Арена» тұрақ аймағы;
  2. «Бас мешіт» тұрақ аймағы;
  3. «ЕХРО» тұрақ аймағы.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, арнайы автобустармен жол жүру Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билет болған жағдайда ғана мүмкін болады. Іс-шаралар өтетін жерге жеке көлікпен кіруге тыйым салынады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажетігі атап өтілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама