Halyq Uni логотип
×

Балқашта көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге қажетті өтемақы төленбеген

Прокуратура қадағалау актілерін енгізді

 Динара Амантай 03.09.2024 | 16:56
Балқашта көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге қажетті өтемақы төленбеген
Фото: Halyq Uni

Балқашта екі колледж көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге және басқа қалалардан келген студенттерге өтемақы төлемеген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Заңға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын көпбалалы отбасынан шыққан студенттер жан басына шаққандағы орташа табысы мемлекет белгілеген деңгейден аспаса, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге құқылы.

Ыстық тамақ берілмеген жағдайда колледждер студенттерге білім басқармасы белгілеген тамақ құны көлемінде өтемақы төлеуге міндетті. Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге 4,7 млн теңге өтемақы аударылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Мемлекеттік критерийлерге сәйкес келетін барлық студенттерге тиісті төлемақылар бұдан әрі тұрақты негізде аударылады.

Сонымен қатар, басқа жерлерде тұратын, алайда Балқаш қаласындағы колледждерде оқитын студенттердің қысқы және жазғы демалыс кезіндегі жол жүру ақылары өтелуі керек. Тексеру барысында колледждердің басқа жерлерде тұратын студенттерге қысқы кезеңде қажетті өтемақы төлемегені анықталды, – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша бір миллион теңгеден астам төлемдер толығымен аударылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама