Қағиданы сақтамағандарға айыппұл салынады
Көлік министрлігі 9 қыркүйегінен 9 қазан аралығында автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалауға бағытталған «Тахограф» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Акцияның мақсаты – жолаушыларды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды іске асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылауды күшейту.
Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көліктері, оның ішінде:
Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы қолданыстағы қағидаға сәйкес 9 сағаттан аспау керек. Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс, – делінген министрлік хабарламасында.
Қағида талаптары сақталмаған жағдайда «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 572-бабымен тасымалдаушыларға 10 АЕК-тен 50 АЕК (36 920-184 600 тг) аралығында, жүргізушілерге 10 АЕК (36 920 тг) көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген..