Тауға жалғыз шыққан турист жоғалып кетті
Қар мен тұман іздестіру жұмысын қиындатты
Алматыда тауға жалғыз шыққан ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ дерегінше, 1 қыркүйекте 1981 жылы туған турист серіктесімен бірге тауға шыққан. Серістесі өзінжайсыз сезініп, қалаға оралған. Ал 43 жастағы турист тауға шығуды жалғастырған.
2 қыркүйекте танысы байланысқа шықпаған соң серігі 112 қызметіне хабарласты. Күннің қараңғы болуы, қатты тұман мен қардың жаууы іздеуді қиындатты.
Бүгін таңертең «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жоғалған ер адамды Талғар шатқалының сол жағындағы лашықтан тапты.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туристі қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оған медициналық көмекке керек болмаған.