×

Тоқаев жаңа тағайындалған министрді қабылдады

Мемлекет басшысы нәтижелі жұмыс күтетінін айтты

 Динара Амантай 03.09.2024 | 13:10

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.

Президент министрден биыл маусымда өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама