Ол Өзбекстан Республикасына жіберіледі
Павлодарда ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен қалалық полицияның жедел қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өзбекстанда ер адам ауыр қылмыс жасағаны анықталды, бірақ Қырғызстан Республикасында сот төрелігінен қашып кеткен. Содан кейін Қазақстанға келген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзбекстан Республикасына жіберіледі, — деді Павлодар облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Макин.
Еске сала кетсек, бұған дейін бірнеше облыста терроризмді насихаттаған күдіктілер тергеліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.