Олардың екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған
Тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің ақпаратына сәйкес, деструктивті діни ағымның өкілдері, 5 қазақстандық пен 1 шетелдік ұсталған. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер арқылы және басқа да жолдармен таратқан деген күдікке ілінді.
Заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.