Halyq Uni логотип
×

Алматыда аудан әкімдігі инвесторға кедергі келтірген

Уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға қайшы құжаттарды талап еткен

 Динара Амантай 03.09.2024 | 10:56
Алматыда аудан әкімдігі инвесторға кедергі келтірген

Алматыда аудан әкімдігі инвесторға кедергі келтірген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасының мәліметінше, кәсіпорындар үшін өндірістік алаңдар құру бойынша «Aldiyar system» ЖШС инвестициялық жобасы іске асырылып жатыр. Инвестицияның жалпы құны – шамамен 640 млн теңге. Жобаны іске асыру арқылы 20-дан астам жұмыс орны құруға мүмкіндік береді.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы инвесторға нысанның құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тартқан. Уәкілетті орган қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған келісу парағын талап еткен, – делінген прокуратура хабарламасында.

Түркісіб ауданының прокуратурасы әкімдікке қадағалау актісін енгізу арқылы уәкілетті органның заңсыз әрекеттерін тоқтатты. Қазір «Aldiyar system» ЖШС рұқсат құжаттарын алып, инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама