Оған неге тыйым салу керек? - деді ол
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мектепке орамал тағып баратын оқушылардың құқығын қорғауға үндеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шариғат Аллаға сенген және балиғат жасқа толған кез келген қыз балаға орамал киюді міндеттеген. Сондықтан ондай бала орамал киюге тиіс. Біз оны бұрын да айттық, қазір де айтамыз, - деді бас мүфти журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда ол намаз оқитын адамның да құқығы бар екенін еске салды.
Намаз оқитын қыз баланың да құқығы бар ғой. Ол орамалмен жүргісі келеді. Оған неге тыйым салу керек? Ол намаз оқиды, Аллаға сенеді. Сондықтан біз ол қыздарды да сыйлауымыз қажет, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.