Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақытта қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. 3 қыркүйекте түнде шығыста жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертең солтүстік және шығыста тұман түсіп, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік жүреді, деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ күндіз ауа температурасы біртіндеп төмендейді: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін.