Halyq Uni логотип
×

Маймыл шешегі: шетелге шығатын қазақстандықтар нені білуі керек?

Ауру белгісін байқасаңыз, бірден дәрігерге барыңыз

 Дәурен Ерболат 02.09.2024 | 18:01
Маймыл шешегі: шетелге шығатын қазақстандықтар нені білуі керек?
Фото: Reuters

​​​​​ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелге шығатын қазақстандықтарды маймыл шешегінен сақтануға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгінде Қазақстанда маймыл шешегімен (мрох) ауырған бірде-бір науқас тіркелмеді.

Дегенмен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, шетелге шығатын қазақстандықтар төмендегі сақтық шараларын ескеруі керек:

  • Шетелге және эндемиялық елдерге шықпас бұрын сол аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты оқыңыз;
  • Тері бөртпесі немесе аурудың басқа белгілері бар адамдармен байланысқа түспеңіз және ауру жануарларға жоламаңыз;
  • Науқастарды күту кезінде маска тағып, қолғап киіңіз және тағы басқа жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
  • Сізде маймыл шешегіне ұқсас белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін басқа адамдармен қарым-қатынастан аулақ болыңыз. Қолыңызды үнемі жуып, жиі байланысатын заттарды жуып шайыңыз.
  • Елге оралғаннан кейін 21 күн ішінде сізде бөртпе, безгек, бас ауруы лимфа түйіндерінің ұлғаюы сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
  • Медициналық мекемеге барғанда қайда болғаныңызды және кімдермен байланыста болғаныңызды міндетті түрде айтыңыз. Бұл дәрігерге қауіп-қатерді дұрыс бағалап, тиісті ем тағайындауға мүмкін береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама