Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 500 шаршы метр
Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы қоқыс өртенген.
Қазір ашық жану жоқ. Жергілікті жерде өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жану ошақтарына су құю жұмыстары жүрнгізіліп, арнайы техникамен топырақ себіліп жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 500 шаршы метр. Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД мен жергілікті атқару органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.