Түркістан облысында барымташылар ұсталды

Динара Амантай

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында жайылымнан жылқы ұрлаған 2 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісай ауданының полицейлері жайылымнан жылқы ұрлаған екі күдікті ер адамды қолға түсірді. Тексеру кезінде анықталғандай, күдіктілер түнде ауыл тұрғынының жайылымда жүрген құны 700 мың теңге тұратын жылқысын ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған. Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тәртіп сақшылары ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.