Halyq Uni логотип
×

Еуропалық одақ пен Эстонияның елшілері сенім грамоталарын тапсырды

Тараптар халықаралық мәселелерді талқылады

 Дәурен Ерболат 02.09.2024 | 16:30
Еуропалық одақ пен Эстонияның елшілері сенім грамоталарын тапсырды
Фото: СІМ

Еуропалық одақ пен Эстонияның елшілері Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровқа сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің орынбасары Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің жаңадан тағайындалған басшысы Алешка Симкич пен Эстония елшісі Яап Орадан сенім грамоталардың көшірмелерін қабылдады.

Кездесуде Әлібек Қуантыров Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Еуропалық одақпен қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, аса жоғары және жоғары деңгейлердегі саяси диалогтың тұрақты сипаты мен динамикасын, экономикалық ынтымақтастықтың және еліміздегі еуропалық инвестиция көлемінің айтарлықтай артқанын айтты.

Еуропалық дипломат Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік арнасында өзара іс-қимылды белсенді дамытуға дайын екенін атап өтті.

Министрдің орынбасары Эстонияның Астанадағы жаңа Елшісін құттықтап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-эстон қатынастары дамып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ және тағы басқа халықаралық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Кездесу соңында Әлібек Қуантыров елшілерге сәттілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама