×

Елімізде электр энергиясы 9% өсті

Биыл 3 айда елімізде 30,7 миллиард кВт/сағат тоқ қуаты өндірілген

 Дәурен Ерболат 10.06.2022 | 10:53
Фото: akchabar.kg

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері бір жылда шамамен 9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.

Биыл мамырда (өткен жылдың мамырымен салыстырғанда) электр энергиясы тарифтерінің бағасы 8,7%-ға өскен, былтырғы көрсеткіш – 7%.

Елімізде электр энергиясын тұтыну бір жылда 1,3%-ға артып, биыл қаңтар-наурызда 30,4 миллиард кВт/сағат болды.

Өндірілген энергияның 42,6%-ы немесе 17 миллиард кВт/сағат Павлодар облысына тиесілі. Сондай-ақ Қарағанды ​​(4,8 миллиард кВт/сағат), Шығыс Қазақстан (3,1 миллиард кВт/сағат) және Атырау (2,8 миллиард кВт/сағат) облыстарында тоқ қуатының айтарлықтай көлемі өндірілген.

2022 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда 30,7 миллиард кВт/сағат электр энергиясы өндірілген, бұл өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 0,2%-ға артық. 

Электр энергиясының айтарлықтай бөлігі жылу және газ турбиналық электр стансаларында өндірілді: 28,1 миллиард кВт/сағат, бұл өткен жылғы көрсеткішпен бірдей.

Су электр стансаларында электр энергиясын өндіру 4,8%-ға төмендеп, 1,8 млрд кВт/сағат, ал жаңартылатын энергия көздері өндірген энергия бірден 20,6%-ға өсіп, 836,4 млн кВт/сағат болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама