Елімізде электр энергиясы 9% өсті
Биыл 3 айда елімізде 30,7 миллиард кВт/сағат тоқ қуаты өндірілген
Қазақстанда электр энергиясының тарифтері бір жылда шамамен 9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.
Биыл мамырда (өткен жылдың мамырымен салыстырғанда) электр энергиясы тарифтерінің бағасы 8,7%-ға өскен, былтырғы көрсеткіш – 7%.
Елімізде электр энергиясын тұтыну бір жылда 1,3%-ға артып, биыл қаңтар-наурызда 30,4 миллиард кВт/сағат болды.
Өндірілген энергияның 42,6%-ы немесе 17 миллиард кВт/сағат Павлодар облысына тиесілі. Сондай-ақ Қарағанды (4,8 миллиард кВт/сағат), Шығыс Қазақстан (3,1 миллиард кВт/сағат) және Атырау (2,8 миллиард кВт/сағат) облыстарында тоқ қуатының айтарлықтай көлемі өндірілген.
2022 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда 30,7 миллиард кВт/сағат электр энергиясы өндірілген, бұл өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 0,2%-ға артық.
Электр энергиясының айтарлықтай бөлігі жылу және газ турбиналық электр стансаларында өндірілді: 28,1 миллиард кВт/сағат, бұл өткен жылғы көрсеткішпен бірдей.
Су электр стансаларында электр энергиясын өндіру 4,8%-ға төмендеп, 1,8 млрд кВт/сағат, ал жаңартылатын энергия көздері өндірген энергия бірден 20,6%-ға өсіп, 836,4 млн кВт/сағат болды.