Астана мешітінде ер адам халықты пышақпен қорқытқан

Динара Амантай

Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған болып шықты

Фото: видеодан скриншот

Астанада қала мешіттерінің бірінде ер адам құлшылық жасауға барған халықты пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға орнына дереу полиция жасағы барған.

36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды, – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайына жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.