Halyq Uni логотип
×

Экстремистердің, әсіредіншілдердің іріткі салатын әрекеттерін түп-тамырымен жою қажет – Тоқаев

Президент ІІМ-ге қарақшылықты жоюды тапсырды

 Ербол Тұрымбет 02.09.2024 | 12:56
Экстремистердің, әсіредіншілдердің іріткі салатын әрекеттерін түп-тамырымен жою қажет – Тоқаев
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшінің жолын кесуге міндетті. Қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Экстремистердің, әсіредіншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның сөзінше, көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеттік. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды.

Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді, – деді Президент.

Сондықтан, Ішкі істер министрлігіне ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуді міндеттеді.

Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіредіншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық және табандылық танытуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама