Шекарадан 1,6 млрд теңгеден астам валюта заңсыз өткізілмек болған

Динара Амантай

Алды алынған залал сомасы – 19,4 млн теңге

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында биылғы тамызда жүргізілген іс-шаралар барысының аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шекара кеңістігінде 4 985 заңнама бұзушы ұсталған. Оның ішінде:

  • 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
  • 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін ұсталды.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 48 – есірткі заттары;
  • 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
  • 27– діни әдебиет (492 дана);
  • 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);
  • 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта тәркіленді.

Сондай-ақ, Каспий акваториясында 9 браконьерлік фактілерінің алды алынды:

  • 7 дана жүзу құралдары;
  • 8,3 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
  • 14 дана (50,5 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 311 дана (716 келі) ұсақ тұқымдас балықтар;
  • 38 дана су тасбақасы.

Алды алынған залал сомасы – 19,4 млн теңге.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұл фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.