Шекарадан 1,6 млрд теңгеден астам валюта заңсыз өткізілмек болған
Алды алынған залал сомасы – 19,4 млн теңге
ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында биылғы тамызда жүргізілген іс-шаралар барысының аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шекара кеңістігінде 4 985 заңнама бұзушы ұсталған. Оның ішінде:
- 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін ұсталды.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
- 48 – есірткі заттары;
- 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
- 27– діни әдебиет (492 дана);
- 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);
- 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта тәркіленді.
Сондай-ақ, Каспий акваториясында 9 браконьерлік фактілерінің алды алынды:
- 7 дана жүзу құралдары;
- 8,3 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
- 14 дана (50,5 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
- 311 дана (716 келі) ұсақ тұқымдас балықтар;
- 38 дана су тасбақасы.
Алды алынған залал сомасы – 19,4 млн теңге.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұл фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.