Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында ер адам өрттен қаза тапты

Дәрігерлер оны құтқаруға тырысқан

 Қымбат Елтайқызы 01.09.2024 | 16:00
Алматы облысында ер адам өрттен қаза тапты
фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй секторындағы өрттерге шолу жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер өткен тәулікте Алматы, Шығыс Казақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында 5 өртті сөндірді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық өрт сөндірілді. Өкінішке қарай, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылындағы тілсіз жау салдарынан 1951 жылы туған ер адам ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылып, қайтыс болды, – деп қосты ведомство.

Министрлік азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Отты сөндіруден гөрі алдын алу оңай, дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама