Жеделхатта маңызды мәселені қозғады
Мемлекет басшысы Словакия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегрини мен словак халқын Конституция күнімен құттықтады.
Тоқаев құттықтау жеделхатында Cловакия Конституциясының қағидаттары алдағы уақытта да елдің өркендеуі және тұрақты дамуының мызғымас кепілі ретінде қызмет ете беретініне сенім білдірді, – делінген ақпаратта.
Президент Тоқаев Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас словак халқына құт-береке тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне де жеделхат жолдаған еді.