Halyq Uni логотип
×

Еңбек министрлігі ШҚО шахтасындағы бір топ адамның өліміне қатысты комиссия құрды

Бастапқыда төрт жұмысшы, кейін тағы бір жұмысшы көз жұмды

 Қымбат Елтайқызы 01.09.2024 | 11:48
Еңбек министрлігі ШҚО шахтасындағы бір топ адамның өліміне қатысты комиссия құрды
фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан шахтасындағы топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрлік Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады. Оның құрамына ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді, деп мәлімдеді ведомство.

Еңбек министрлігі ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, – дейді баспасөз қызметі.

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

  • ұңғымашы А.Б.Бақытов, 1894 ж.т.;
  • ұңғымашы А.Б.Кеңесбаев, 1989 ж.т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

  • ұңғымашы А.Т.Жайрғазин, 1978 ж.т.;
  • ұңғымашы А.К.Құсайынов, 1983 ж.т.

Кейін тағы бір оқыс оқиға тіркелді.

Комиссия жазатайым оқиғалардың себептерін анықтайды.

Бұған дейін Ертіс шахтасында 4 адамның бақилық болғаны жайлы жазған едік. ШҚО шахтасында тағы бір жұмысшының мерт болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама