Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін
Синоптиктер еліміз бойынша қыркүйекке арналған ауа райының консультативтік болжамын жасады.
«Қазгидромет» РМК-нің ақпараты бойынша, қыркүйекте республиканың көптеген облысында ауа райы салқын және жаңбырлы болады деп күтіліп отыр. Айдың басында елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Елдің солтүстік өңірінде жауын-шашын бір ай ішінде жиі жауады. Арасында 1-3 күн қысқа үзілістер болады. Кейбір күндері республика бойынша найзағай, бұршақ және екпінді желмен қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы төмендегідей болады:
Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде түнде +2+10°С-қа дейін суытады. Топырақта 2°С, күндіз +8+15°С-қа дейін аяз болуы мүмкін, онкүндіктің соңында температуралық фонның шамалы көтерілуі күтіледі.
Республиканың шығысында ауа температурасының түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында аяз болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз +22+30°С-тан +17+23°С-қа дейін ауытқуы болжанып отыр.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +3 +8°С болады. Жекелеген аудандарда аяз байқалуы мүмкін, күндіз температура +12+19°С-тан +21+26°С-қа дейін өзгереді.
Елдің батысында және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде +7+15°С, айдың екінші жартысында топырақ бетінде аяз болуы мүмкін, күндіз ауа температурасының +25+35°С-тан +15+23°С-қа ауытқуы күтіледі.
Қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Бұл консультативтік болжам саналады, оған нақтылау есебінде онкүндік және апталық болжамдар шығарылатынын атап өткен жөн.