×

Ердоған тағы да президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Президент сайлауы 2023 жылы маусымда өтеді

 Дәурен Ерболат 10.06.2022 | 10:13
Фото: egemen.kz

Түркияның мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Елде президент және парламент сайлауы 2023 жылы маусымда өтеді.

Биліктегі Әділет және даму партиясы (PSR) мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы бірігіп, «Халық альянсын» құрған. Кейін Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели Режеп Тайип Ердоған «Халық альянсы» атынан алдағы сайлауға қатысатынын мәлімдеген. Алайда президент бұл жағдайға қатысты түсінік бермеген.

«Мен «Халық альянсының» кандидатымын, сайлау келесі жылдың маусымында өтеді. Бай Кемал (Түркияның негізгі оппозициялық халықтық-республикалық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароглу), өз атыңызды жариялаңыз», - деді мемлекет басшысы Измирде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама