Сондай-ақ, ол Қырғызстан басшысын да құттықтаған болатын
Мемлекет басшысы Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тоқаев Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді, – делінген ақпаратта.
Президент король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.
Бұған қоса, бүгін Қырғызстан да Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр.