Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады
Хаттың мазмұны белгілі болды
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді, – делінген ақпаратта.
Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.