Тоқаев Туризм және спорт министрін қызметінен босатты

Қымбат Елтайқызы

Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсеткен болатын

фото: akorda.kz

Туризм және спорт министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.

Ол бұл қызметке 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ

1969 жылы туған, Целиноград қаласының тумасы. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих пәнінің мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Астананың №29 орта мектебінде дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.

1992-1993 жылдары — Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентi, №7 орта мектебінің тарих мұғалiмi.

1993-1994 жылдары — «Шонай» ШЖК директоры.

1994-2008 жылдары — «Береке-Бурабай» ЖШС директоры.

2008-2012 жылдары — Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

2014-2015 жылдары — Президент Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

2019-2023 жылдары — Ақмола облысының әкiмi.

2023 жылдан бері — Туризм және спорт министрі.